ӨҢІРЛІК БАСҚАРУ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 14 мамыр 2026
  • 62

ӨҢІРЛІК БАСҚАРУ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР

Қызылорда университетінде «AMANAT» партиясының бастамасымен көшбасшылық дағдыларды жетілдіруге және мемлекеттік басқару сапасын арттыруға арналған жаңа модульдік білім беру бағдарламасы іске қосылды. 

Жоба шеңберінде партия жанындағы Саяси менеджмент академиясы өңірлердегі басқару жүйесінің әлеуетін күшейту мақсатында ауыл әкімдері, мәслихат депутаттары және бастауыш партия ұйымдарының өкілдеріне арналған біліктілікті арттыру семинарлары мен оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруда.

WhatsApp Image 2026-05-14 at 10.03.35.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-14 at 10.03.35 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-14 at 10.03.37 (1).jpeg

Семинардың ашылу рәсіміне университеттің Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер бойынша проректор Дана Абдрашева, Саяси менеджмент академиясының директоры Тамара Дүйсенова, «AMANAT»  партиясының облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай және облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Тілеумбетов, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, қатысып, семинар қатысушыларына нәтижелі оқу мен сәттілік тіледі.                                                                                                                           

Сондай-ақ, оқу бағдарламасы үш күн бойы өтеді. Семинарға ауылдық округ әкімдері, мәслихат депутаттары, партияның өңірлік және аумақтық филиалдарының мамандары мен бастауыш партия ұйымдарының өкілдерін қоса алғанда, барлығы 130 адам қатысуда.  

WhatsApp Image 2026-05-14 at 10.03.38 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-14 at 10.03.38.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-14 at 10.03.36.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-14 at 10.03.37.jpeg

Оқу барысында қатысушылар академияның тәжірибелі лекторларынан «Жеке көшбасшылық және құндылық бағдары», «Өңірлер мен жергілікті қауымдастықтардың дамуын басқару», «Даму үшін салықтар: түсімдер базасынан жергілікті деңгейдегі нәтижеге дейін», «Бюджеттік вертикаль: республикадан ауылға дейін» сынды тақырыптар бойынша білім алады. 

Аталған оқыту бағдарламасы қатысушылардың кәсіби білімін жетілдіріп қана қоймай, алған тәжірибені өңірдегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу барысында тиімді пайдалануға жол ашады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации