«ҚАЗАҚ МІНЕЗІНІҢ АЙНАСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 14 мамыр 2026
  • 147

«ҚАЗАҚ МІНЕЗІНІҢ АЙНАСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде философия докторы (PhD), Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика білім беру бағдарламасының жетекшісі Серікхан Әлханұлы Жүзеевтің «Қазақ мінезінің айнасы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Рухани кешке университет оқытушылары, зиялы қауым өкілдері, студенттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Тағылымды шараны профессор, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жанбершиева жүргізіп, кітаптың рухани-танымдық маңызына тоқталды.

WhatsApp Image 2026-05-14 at 16.39.53.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-14 at 16.39.51.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-14 at 16.39.54.jpeg

Жиын барысында Гуманитарлық-педагогикалық институтының директоры Сағат Тайман сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін еңбектің жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны ерекше екенін атап өтті.
Іс-шара барысында кітаптың мазмұны мен идеялық бағыты таныстырылып, қазақ халқының ұлттық болмысы, мінез ерекшеліктері, рухани құндылықтары мен тәрбиелік тағылымы туралы кеңінен әңгіме өрбіді. Серікхан Жүзеев еңбекті жазу барысында жазушы Жанат Ахмадидің шығармаларын оқып, ондағы ұлттық сипат пен адам болмысына қатысты ойларды талдап, қазақ мінезінің қырларын саралағанын жеткізді.

WhatsApp Image 2026-05-14 at 16.39.54 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-14 at 16.39.49 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-14 at 16.39.54 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-14 at 16.39.55.jpeg

Кеш барысында доцент, филология ғылымдарының кандидаты Сара Бахтиярова, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Айман Айтбаева, сондай-ақ қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Күлдірсін Сарышова кітаптың мазмұны мен маңызы жөнінде пікір білдіріп, еңбектің қазақ руханиятындағы алар орнына тоқталды.
Тағылымды кеш еркін пікір алмасуға ұласып, жастардың ұлттық сана, рухани тәрбие және қазақы болмыс туралы ой-пікірлерімен жалғасты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации