МИ ЖӘНЕ МИҒА ҰҚСАС ИНТЕЛЛЕКТ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 15 мамыр 2026
  • 52

МИ ЖӘНЕ МИҒА ҰҚСАС ИНТЕЛЛЕКТ

Университет делегациясы Қытайдағы жұмыс сапары аясында - Фудань университетінің (ISTBI) Жасанды интеллект және миға негізделген ғылым институтына барды. 
Институт «Ми және миға ұқсас интеллект» бағытында нейроғылым, жасанды интеллект, ми-компьютер интерфейстері және биомедициналық деректерді талдау салаларында ғылыми зерттеулер жүргізеді. Негізгі бағыттары — AI for Health, миға ұқсас есептеулер, нейроинженерия, когнитивтік ғылым және биоинформатика.
Фудань университеті — Қытайдың ең беделді жоғары оқу орындарының бірі. QS World University Rankings 2026 бойынша университет әлемде 30-орында (88.4 ұпай), ал Азия өңірінде 6-орында тұр.
Институт өкілдерінің мәліметінше, ISTBI бүгінде 140-тан астам ірі мемлекеттік жобаны жүзеге асырады, 1200+ мақаласы Nature, Cell, The Lancet сынды беделді ғылыми журналдарда жарияланған, және 5 ірі индустриялық серіктестікпен (FAW, CSG, Jihua, Ketai т.б.) бірлесе жұмыс істейді.

WhatsApp Image 2026-05-15 at 10.57.57 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-15 at 10.57.57 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-15 at 10.57.59 (1).jpeg

Кездесу барысында:
* ми-компьютер интерфейсі (BCI) және нейропротездеу;
* мидың 100 миллиард нейронын модельдеу технологиясы;
* AI негізіндегі ауруларды ерте диагностикалау жүйелері;
* нейроморфты чиптер мен AGI теориясы;
* денсаулық сақтаудағы қолданбалы AI шешімдері таныстырылды.

ISTBI концепциясының маңызды ерекшелігі — тек фундаменталды ғылыммен шектелмей, зертханадан клиникаға, клиникадан индустрияға толық циклді қамтитын инновациялық экожүйе құру. Бұл бағыт Қызылорда облысы үшін аса өзекті.
Қызылорда өңірінде денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру, психикалық денсаулық және бас миы ауруларын ерте диагностикалау мәселелері маңызды. Осы тұрғыдан ISTBI технологиялары:
* AI-негізделген диагностикалық жүйелерді енгізуге;
* қашықтан медициналық мониторинг жүргізуге;
* нейрооңалту жабдықтарын бейімдеуге;
* популяциялық денсаулық деректерін талдауға;
* білім саласында ми-компьютер интерфейстерін қолдануға мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2026-05-15 at 10.58.00.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-15 at 10.57.58 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-15 at 10.57.58.jpeg

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті үшін бұл бағыт жаңа мүмкіндіктер ашады:
* нейроинженерия және BCI бойынша оқу бағдарламаларын енгізу;
* ми симулациясы бойынша жобаларын дамыту;
* студенттерге озық ғылыми зерттеулермен жұмыс істеу мүмкіндігін беру;
* өңірлік медициналық AI орталығын қалыптастыру.
Басты мақсат - технологияны тек пайдаланушы ретінде қабылдау емес, оны Қызылорда жағдайына бейімдеп, жасанды интеллект пен нейроғылым негізінде жаңа қолданбалы шешімдер әзірлеу. 🇰🇿🤝🇨🇳
#SDG3 #SDG4 #SDG9 #SDG17
#Neuroscience #ArtificialIntelligence #BrainComputerInterface #BCI #AIforHealth #DigitalHealth #PrecisionMedicine #KorkytAtaUniversity #FudanUniversity #ISTBI #GlobalGoals

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации