АРЫН ОРСАРИЕВ ҒАЛЫМДАРМЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 15 мамыр 2026
  • 60

АРЫН ОРСАРИЕВ ҒАЛЫМДАРМЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде саясаттану ғылымдарының докторы, “Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар Альянсы” қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Арын Орсариевпен кездесу өтті. 
Іс-шараны Академиялық жұмыстар жөніндегі проректор Дана Абдрашева ашып, қонақты таныстырды. Сонымен қатар ғалымдарға коммерцияландыру саласына қатысты көкейдегі сұрақтарын қойып, тәжірибелік кеңестер алуға мүмкіндік бар екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-05-15 at 14.51.37 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-15 at 14.51.36.jpeg

Кездесу барысында Арын Амангелдіұлы “Технологияларды коммерцияландыру: халықаралық тәжірибе және заманауи практика” тақырыбында дәріс оқып, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Спикер әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, ғылыми жобаларды нарыққа енгізу тетіктері, стартаптарды қолдау, инновациялық экожүйені дамыту және технологияларды тиімді коммерцияландыру бағытындағы заманауи үрдістер туралы баяндады.

WhatsApp Image 2026-05-15 at 14.51.37 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-15 at 14.51.37.jpeg

Кездесу барысында қатысушылар ғылым нәтижелерін өндіріске енгізу, инновациялық жобаларды қаржыландыру, зияткерлік меншік мәселелері және халықаралық тәжірибені отандық жүйеге бейімдеу бағытында пікір алмасты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации