ТАБЫСТЫ МОДЕЛЬ: УНИВЕРСИТЕТ-ҒЫЛЫМ- ӨНДІРІС
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 16 мамыр 2026
  • 42

ТАБЫСТЫ МОДЕЛЬ: УНИВЕРСИТЕТ-ҒЫЛЫМ- ӨНДІРІС

Қорқыт ата университетінің делегациясы Shanghai Fudan Forward Group (Fudan Fuhua) өкілдерімен кездесу өткізді.

Shanghai Fudan Forward Group – Қытайдың жоғары технологиялық саласындағы ірі холдингтерінің бірі. Ол 1984 жылы Фудан университетінің ғылыми-техникалық даму компаниясы ретінде құрылып, 1993 жылы Шанхай қор биржасында листингіден өтті. Бұл – Қытайдағы жоғары оқу орындарының алғашқы акционерлік компаниясы. Қазіргі уақытта компанияның бақылаушы акционері – Шанхай қаласы, Фэнсянь ауданының мемлекеттік активтерді басқару комитеті.

WhatsApp Image 2026-05-16 at 13.28.46 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-16 at 13.28.47.jpeg

Холдингтің қызметі үш негізгі бағытқа негізделген:

· Фармацевтика – химиялық дәрілік заттар мен препараттарды өндіру
· Бағдарламалық жасақтама – Жапония нарығына аутсорсинг, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік
· Жоғары технологиялық парктер – инновациялық кәсіпорындарды дамыту, инкубациялау, ақылды қала жобалары

WhatsApp Image 2026-05-16 at 13.28.46 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-16 at 13.28.46.jpeg

Холдингтің бірегейлігі «университет – ғылым – өндіріс» үштігінің табысты үйлесімінде. Бұл модель Қытайдағы жоғары білім мен нақты сектордың тиімді интеграциясының үлгісі болып саналады.

Кездесу барысында екі жақты ғылыми-технологиялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Тараптар алдағы уақытта да кадр даярлау, технологиялық тәжірибе алмасу және инновациялық инфрақұрылымды дамыту бағыттарында ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыра бермек.

#QorkytAtaUniversity #FudanFuhua #InternationalCooperation #SDG4 #SDG9 #SDG17 #Ғылым #Технологиялар #ХалықаралықЫнтымақтастық


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации