ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТЕГІ ҮЗДІК НӘТИЖЕ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 20 мамыр 2026
  • 171

ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТЕГІ ҮЗДІК НӘТИЖЕ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының университетішілік І кезеңінде өз жобаларын сәтті қорғап, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Аталған жетістікке «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» және «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламаларының студенттері Айзере Хикматуллаева, Ерқанат Өтетлеу және Ердаулет Амиров қол жеткізді.

WhatsApp Image 2026-05-20 at 12.30.25.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-20 at 12.23.52.jpeg

Ғылыми жұмыстардың сапалы орындалуына «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры, PhD Перизат Буланбаева жетекшілік етті.
Студенттердің ғылыми ізденіске деген қызығушылығы мен зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуы университеттің ғылыми әлеуетін арттырып, жас ғалымдардың қалыптасуына мүмкіндік беруде. Бұл жеңіс – білім мен ғылымға деген табандылықтың нақты нәтижесі.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации