ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 20 мамыр 2026
  • 144

ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының университетішілік І кезеңінде «Кадастр» және «Жерге орналастыру» білім беру бағдарламаларының білім алушылары үздік нәтиже көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша студенттер Рамазан Шазадаев пен Нұртілеу Тынышбек І дәрежелі дипломмен марапатталып, өздерінің ғылыми ізденісі мен кәсіби дайындығының жоғары деңгейін дәлелдеді.

WhatsApp Image 2026-05-20 at 15.46.28.jpeg

Жеңімпаз студенттердің ғылыми жетекшілері «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Эльмира Елеуова және PhD доктор Ерлан Шынбергенов.
Бұл жетістік – университетте білім мен ғылымды ұштастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Жас зерттеушілердің ғылымға деген қызығушылығы мен ізденісі алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жетелей беретіні сөзсіз.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации