ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН - ЖАҢА БУЫН
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 мамыр 2026
  • 66

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН - ЖАҢА БУЫН

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жастармен кездесті. «Жаңа Қазақстан – жаңа буын» тақырыбында өткен кездесуде конституциялық реформалар аясындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесуді университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов ашып, құқық қорғау саласының тәжірибелі маманының оқу ордасына арнайы келіп, жастармен пікір алмасуына алғыс білдірді.

WhatsApp Image 2026-05-21 at 11.08.06 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-21 at 11.08.03.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-21 at 11.08.04 (3).jpeg

Жиын барысында Артур Ластаев Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілгенін атап өтті. Сонымен қатар, омбудсмен институтының қызметі, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық қорғау тетіктерін жетілдіру бағытындағы жұмыстар туралы сөз қозғады.

Сондай-ақ, сот арқылы қорғалу құқығы, жеке басына қол сұғылмаушылық кепілдіктері және азаптауға тыйым салу нормаларының күшейтілгені айтылды.

WhatsApp Image 2026-05-21 at 11.08.04 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-21 at 11.08.05 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-21 at 11.08.04 (1).jpeg

Жиында «Еркіндік рухы» жастар комиссиясының мүшесі ӘлиИслам Байқадам адам құқықтарын қорғау мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қоғаммен тиімді байланыс орнату мақсатында эксперттік кеңес, координациялық кеңес, жастар комиссиясы және ғылыми комиссия тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.

WhatsApp Image 2026-05-21 at 11.08.05 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-21 at 11.08.05 (3).jpeg

Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық ұйымдармен және шетелдік серіктестермен тығыз ынтымақтастық орнатып, адам құқықтарын қорғау бастамаларын халықаралық деңгейде қолдайтыны айтылды.

Шара соңында ашық пікірталас ұйымдастырылып, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации