200-ДЕН АСТАМ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 мамыр 2026
  • 17

200-ДЕН АСТАМ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығында Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтті. 

Экологиялық акцияға облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов, Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Уалихан Ибраев және университеттің профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты. 

WhatsApp Image 2026-05-23 at 15.23.59 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-23 at 15.23.58 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-23 at 15.23.57 (1).jpeg

Сонымен қатар, «Сыр волонтерлары» ұйымы, облыстық орман шаруашылығының мамандары белсенді атсалысты.

Экологиялық шара аясында қатысушылар алдымен арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалап, студенттердің ғылыми жобаларымен танысты. Сондай-ақ ботаникалық бақ аумағына 200-ден астам көшет отырғызылды.

WhatsApp Image 2026-05-23 at 15.23.58.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-23 at 15.23.57 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-23 at 15.23.57 (3).jpeg

Айта кетейік, ботаникалық бақта бүгінде 1500-ден астам түрлі ағаш түрі өсірілуде. Ал жылыжай шаруашылығы жыл бойы өнім беріп келеді. Мұнда банан, лимон секілді шет елден әкелінген дақылдардың өңір климатына бейімделуі мен өнім беру мүмкіндіктері зерттелуде.

WhatsApp Image 2026-05-23 at 15.23.57.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-23 at 15.23.59 (2).jpeg

Республикалық экологиялық акцияға жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации