QYZYLORDA LEGENDS CUP: ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 мамыр 2026
  • 31

QYZYLORDA LEGENDS CUP: ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Qyzylorda legends cup» республикалық дебат турнирі өтті. Екі күнге созылған ауқымды пікірсайыс алаңына еліміздің әр өңірінен 20 фракция қатысып, 40-қа жуық жас пікірсайысшы бақ сынады.

Турнирдің мақсаты – жастар арасында пікірсайыс мәдениетін дамыту, еркін ойлау мен шешендік қабілетті шыңдау, интеллектуалды орта қалыптастыру.

WhatsApp Image 2026-05-24 at 21.57.24.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-24 at 21.57.26.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-24 at 21.57.25.jpeg

Турнирдің жабылу салтанатына университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Уалихан Ибраев, «Amanat»партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасының басшысы Жанар Сағынбаева және Халықаралық пікірсайыс оқыту қауымдастығының Қазақстан бойынша үйлестірушісі Уәлихан Тұрарбекұлы қатысты.

Салтанатты жиында Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Уалихан Ибраев қатысушыларға алғыс білдіріп, Қорқыт ата университетініі «Ақиқат» дебат ұйымының 2004 жылдан бері жастар арасында пікірсайыс мәдениетін дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқарып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ұйымның бүгінде университет қабырғасынан асып, республика көлемінде танылған беделді интеллектуалдық ортаға айналғанына тоқталды.

WhatsApp Image 2026-05-24 at 21.57.30 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-24 at 21.57.31 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-24 at 21.57.30 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-24 at 21.57.27.jpeg

Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша І орынды Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті иеленді. Ал ІІ орын Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті мен University of International Business командаларына бұйырды. ІІІ орынды Тұран университеті және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті иеленді.

Сонымен қатар, «Ең үздік спикер» номинациясымен Нұрай Нұрахмет, ал «Үздік спикер» аталымымен Рауан Қалдыбай марапатталды. Жеңімпаздар мен үздік спикерлерге арнайы дипломдар, алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

WhatsApp Image 2026-05-24 at 21.57.28.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-24 at 21.57.28 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-24 at 21.57.29 (2).jpeg


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации