- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Демеушілер есебінен жетінші дәрісхана қайта жаңғырды
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде профессор, педагогика ғылымдарының докторы Асанов Жұматай Ілесбайұлы атындағы дәрісхана ашылды.
Дәрісханаға күрделі жөндеу жұмыстарын ғалымның ұрпақтары жүргізді. Айта кету керек, бұл – кейінгі үш жылда демеушілер қаржысы есебінен қайта жаңартылған жетінші дәрісхана.
Шарада Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова ғалымның ғылым мен білім саласына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
- Бүгінде оқу орны ғылым мен білім саласының дамуына зор үлес қосқан ғалымдардың есімін ұлықтауды дәстүрге айналдырды. Әсіресе, ғалымдардың ұрпақтары осы өнегелі бастамаға ат салысуда. Соңғы 3 жылдың ішінде 7-ші дәрісхананы демеушілер есебінен ашудамыз. Алдағы уақытта бұл шаралар жалғасын табатын болады.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асанов Жұматай Ілесбайұлы 1970 жылдан бастап университетте оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор қызметтерін атқарған.
Жұматай Ілесбайұлы білім алушыларға «Мектеп педагогикасы», «Қазақстандағы педагогика ғылымы», «Педагогиканың ғылыми зерттеу әдістері», «Этнопедагогика» пәндерінен дәріс берді, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Жиында оқу орнының стратегиялық дамуына қосқан үлесі үшін «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен» Сұңғат Асанов марапатталды.
Шараға зиялы қауым өкілдері, ғалымның туған-туыстары, профессор-оқытушылар мен білім алушылар қатысты.
Айта кету керек, осы жылдың мамыр айында университетте биология ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Алтынбек Ерназаров атындағы дәрісхана ашылған болатын. Жиында осы дәрісхананың ашылуына демеушілік жасаған қалалық мәслихат депутаты, Алтынбек Ерназаровтың інісі Қайрат Ерназаровқа оқу орнының стратегиялық дамуына қосқан үлесі үшін «Қорқыт Ата атындағы Алтын медалі» табысталды.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асанов Жұматай Ілесбайұлы 1941 жылы 25 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Комсомол кеншарында дүниеге келген.
1962 жылы Қызылорданың Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының «Биология, химия және ауылшаруашылық негіздері» мамандығы бойынша бітірген.
1962-1970 ж.ж. мектептерде мұғалім қызметін атқарып, әскери қатарында болған.
1970 жылдан бастап университетте оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор қызметтерін атқарған.
1981 жылы В.И.Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінде п.ғ.д., профессор Д.П.Еридинның жетекшілігімен «Ауыл орта мектептерінде пәнаралық негізде агрохимия бойынша үйірме сабақтарының педагогикалық тиімділігі» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты.
2004 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы дисертациялық кеңесте п.ғ.д., профессор М.Ә. Құдайқұловтың кеңесшілік етуімен «Студенттердің этнопедагогикалық білімдерімен икемділіктері жүйесін қалыптастырудың дидактикалық негіздері тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғаған.
Жұматай Ілесбайұлы «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1990 жылы), ҚР Журналистер Одағының мүшесі (1992 ж), Ресей Халықаралық педагогикалық білім беру Ғылым академиясының корреспондент мүшесі (2003), 2006 жылы Қазақстанның Педагогикалық Ғылымдар Академиясының құрметті академигі (2006ж) атанды.
Сонымен қатар, Жұматай Ілесбайұлы «Халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгілерімен марапатталған.
Профессор – 4 оқулық, 2 монография, 14 әдістемелік оқу құралы, 4 ғылыми көпшілік және 1 сөздік кітап пен 100-ден астам ғылыми мақаланың авторы.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...