ҚАЛЖАН АХУНҒА АРНАЛҒАН ЖИНАҚ ҚАЙТА ЖАРЫҚ КӨРДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 29 мамыр 2026
  • 176

ҚАЛЖАН АХУНҒА АРНАЛҒАН ЖИНАҚ ҚАЙТА ЖАРЫҚ КӨРДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жазушы Шәмсия Қалжанованың «Қалжан ахун» тарихи-танымдық кітабының тұсаукесері өтті. Кітап Сыр бойында өмір сүрген ғұлама-ағартушы Бөлекбайұлы Қалжан ахунның өмірі мен қызметіне арналған.

Шарада университеттің Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің басшысы Нұрлыбек Мыңжас Қалжан ахунның өмір жолы мен ағартушылық қызметіне тоқталып, оның ел тарихындағы орны туралы баяндады.

WhatsApp Image 2026-05-29 at 12.47.37 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-29 at 12.47.38 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-29 at 12.47.39.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-29 at 12.47.37 (3).jpeg

Сонымен қатар,  Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Уалихан Ибраев кітаптың жарық көру тарихына тоқталды. Ол алғаш рет 2003 жылы оқырманға жол тартқан еңбектің араға 22 жыл салып қайта толықтырылып, жаңадан басылып шыққанын атап өтті.

Мәдени шараға облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өмірбек Шәменов пен философия ғылымдарының докторы Талғат Жолдасұлы қатысып, Қалжан ахунның тарихи тұлғасы мен рухани мұрасы жөнінде ой бөлісті.

Сондай-ақ, теолог Бақтияр Оспанов Қалжан ахунның діни-ағартушылық қызметіне тоқталып, оның медресе салудағы еңбегін ерекше атап өтті. Ол ахунның көпшілік біле бермейтін тағы бір қыры – селекционер болғандығын айтып, бұл кітаптың негізінде әлі де бірнеше тың еңбек жазылатынына сенім білдірді.

WhatsApp Image 2026-05-29 at 12.47.37 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-29 at 12.47.37.jpeg

 

WhatsApp Image 2026-05-29 at 12.47.38 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-29 at 12.47.38 (4).jpeg

Шараға Қалжан ахунның ұрпақтары да қатысып, ағартушының өмірі, ұрпақ тәрбиесіндегі өнегесі мен кітаптың жазылу тарихы туралы естеліктерімен бөлісті. Ахунның немересі, медицина ғылымдарының докторы  Жанат Испаева Қалжан ахун туралы халық білгенімен, оның тұлғасын кітап етіп хаттап кеткен өз аналары екенін айтты. Оның сөзінше, еңбекте ахунның бейнесі, рухани байлығы мен қазақ халқына сіңірген қызметі жан-жақты қамтылған.

Іс-шараға студенттер, профессор-оқытушылар құрамы және зиялы қауым өкілдері қатысып, кітаптың мазмұны мен автор еңбегі туралы пікір алмасты. Кеш соңында кітаптың тұсауы кесіліп, 20 дана баспа кітап оқырмандарға сыйға тартылды. Шара естелік суретке түсумен қорытындыланды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации