ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕР ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 01 маусым 2026
  • 121

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕР ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өкілі М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде өткен «Дулати – білім бесігі: болашаққа сеніммен, ұрпақтар сабақтастығы» атты І Түлектер форумына қатысты.
Ауқымды шара аясында Endowment қорының салтанатты ашылу рәсімі өтіп, түлектер қауымдастығын дамыту мен ұрпақтар сабақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.
Форумға Қорқыт ата университетінің өкілі ретінде М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің түлегі Ұлжан Бекназарова қатысып, екі жоғары оқу орны арасындағы әріптестік пен рухани байланыстың маңыздылығына тоқталды.

WhatsApp Image 2026-06-01 at 10.49.59 (1).jpeg
WhatsApp Image 2026-06-01 at 10.49.59.jpeg

Іс-шара барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамовтың құттықтау хаты оқылып, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ұжымына ізгі тілектер жеткізілді. Сонымен қатар, Қорқыт ата университеті атынан университет ректорына арнайы сый-сияпат пен ықылас гүлі табысталды.Форум түлектердің басын қосып, жоғары білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге және ортақ құндылықтарды ұлықтауға бағытталған маңызды алаңға айналды. 

WhatsApp Image 2026-06-01 at 10.49.58.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетін ғылым мен білім саласындағы ортақ мақсаттар, берік әріптестік және ұлт болашағын тәрбиелеу жолындағы ортақ миссия байланыстырады. Осындай игі бастамалар қос оқу орны арасындағы байланысты одан әрі нығайтып, жоғары білім кеңістігіндегі өзара ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.


 Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации