ERASMUS+ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 02 маусым 2026
  • 146

ERASMUS+ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов Erasmus+ 101237042 – MERCAS жобасы аясында Арал теңізі бассейнінің экологиялық мәселелерін зерттеуге бағытталған халықаралық ынтымақтастық шеңберінде шетелдік ғалыммен кездесті.

IMG_1440.JPG.jpeg

IMG_1464.JPG.jpeg

Университетке арнайы іссапармен келген Нөкіс мемлекеттік университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Асия Турениязова оқу орны басшылығымен және ғылыми ұжыммен кездесіп, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, академиялық байланыстарды нығайту және бірлескен зерттеулер жүргізу бағыттарын қарастырды. Сондай-ақ, Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға арналған ғылыми бастамалардың өзектілігі ерекше атап өтілді.

IMG_1497.JPG.jpeg

Сапар аясында профессор Асия Турениязова университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, тәжірибе алмасу және ғылыми пікір алмасу жұмыстарын жүргізеді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации