БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ИГІ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 02 маусым 2026
  • 53

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ИГІ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен «AMANAT» партиясының бастамасымен «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында тәрбиеленушілерге мерекелік сыйлықтар табысталды.
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл шара аясында биыл «Ақжайық» отбасының балаларына шаңсорғыш пен жеті мектеп сөмкесі сыйға беріліп, балаларға көтеріңкі мерекелік көңіл-күй сыйланды.

WhatsApp Image 2026-06-02 at 11.42.52 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-02 at 11.42.52 (1).jpeg

Кездесу барысында балалар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, өлең оқыды. Сонымен қатар, би жарыстарында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүрген талантты тәрбиеленушілер жақын арада елордада өтетін ірі байқауға жолдама алғандарын қуана жеткізді. Балалар қонақтарға өз қолдарымен жасаған шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жетістіктерімен бөлісті.

WhatsApp Image 2026-06-02 at 11.42.53.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-02 at 11.42.53 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-02 at 11.42.52.jpeg

Айта кету керек, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті балалар ауылын қолдау дәстүрін жыл сайын жалғастырып келеді. Университет тарапынан берілетін білім гранттары биыл да өз жалғасын тауып, алдағы уақытта талапкерлерге ректор гранты ұсынылатын болады.
Биыл «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының құрылғанына 11 жыл толып отыр. Қазіргі таңда мұнда «Сарыарқа», «Байқоңыр», «Ақжайық», «Мадияр», «Оқжетпес», «Ұлытау» және «Үшқоңыр» атты отбасылардың балалары тату-тәтті өмір сүріп келеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации