ЭКОИНФОРМАТИКА МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 02 маусым 2026
  • 92

ЭКОИНФОРМАТИКА МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Erasmus+ MECAS жобасы аясында Арал теңізі бассейнінің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған экоинформатика магистрлік бағдарламасын дамытуға арналған кездесу өтті.
Жиынға Академиялық мәселелер бойынша проректор Дана Абдрашева, Нүкіс мемлекеттік университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, жоба үйлестірушісі Асия Турениязова, жобаның қауымдастырылған серіктестері – Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты.

WhatsApp Image 2026-06-02 at 17.23.40 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-02 at 17.23.39.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-02 at 17.23.40 (2).jpeg

Іс-шараның негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, жоба кезеңдері мен бақылау нүктелерін талқылау, сондай-ақ өңірдегі экологиялық қауіп-қатерлерді шешуге қабілетті мамандар даярлау бағытындағы ынтымақтастықты нығайту. 
Кездесу барысында жоба үйлестірушісі Асия Турениязова MECAS жобасының мақсат-міндеттеріне тоқталып, экоинформатика магистрлік бағдарламасының ерекшеліктерін таныстырды. Оның айтуынша, аталған бағдарлама Қазақстанда тек екі жоғары оқу орнында – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жүзеге асырылатын болады. 
Жиында Академиялық мәселелер бойынша проректор Дана Абдрашева су ресурстары саласындағы өзекті мәселелерді шешуде жобаның маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, бұл бастама су шаруашылығы мен экология бағытында білім алатын жастар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді.

WhatsApp Image 2026-06-02 at 17.23.41.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-02 at 17.23.40.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-02 at 17.26.00.jpeg

Жоба Қазақстан, Өзбекстан, Португалия, Испания және Италияның жоғары оқу орындары мен серіктес ұйымдарының қатысуымен жүзеге асырылуда. Оның аясында экоинформатика бағыты бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламалары іске қосылып, халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріледі.
Айта кетейік, кездесу барысында Қорқыт ата университетінде экоинформатика магистрлік бағдарламасына арналған заманауи зертхананың ашылатыны айтылды. Зертхана 2027–2028 оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда зертханаға арналған оқу кабинеті дайындалуда. Зертхананың қажетті құрал-жабдықтары Erasmus+ бағдарламасы аясында қамтамасыз етіледі.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации