УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗГЕРМҰНАЙ» БК» ЖШС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 03 маусым 2026
  • 93

УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗГЕРМҰНАЙ» БК» ЖШС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Наурызбай Байқадамов «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директорының кадрлық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ботагөз Әшірбековамен және персоналды оқыту мен дамыту жөніндегі жетекші инженер Айгерім Ердалиевамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, білім алушыларды қолдау және әлеуметтік маңызы бар жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Ботагөз Серікбайқызы компанияның білім беру мен ғылым саласындағы серіктестікті жалғастыруға мүдделі екенін атап өтіп, алдағы уақытта да бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендерін жеткізді.

WhatsApp Image 2026-06-03 at 18.07.00.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-03 at 18.07.00 (1).jpeg

«Қазгермұнай» БК» ЖШС университеттің стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде әлеуметтік осал санаттағы студенттерге тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Соңғы үш жыл ішінде компанияның демеушілігімен 146 студентке жалпы көлемі 59 068 900 теңге қаржылай көмек берілген. Бұл қолдау жастардың сапалы білім алуына және кәсіби тұрғыдан қалыптасуына зор мүмкіндік.
Сонымен қатар, компания университеттің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға да елеулі үлес қосып келеді. Атап айтқанда, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, жас ғалымдардың әлеуетін арттыруға және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етуде. Мұндай бастамалар инновациялық зерттеулердің дамуына және ғылыми нәтижелердің өндіріске енгізілуіне жол ашуда.

WhatsApp Image 2026-06-03 at 18.07.00 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-03 at 18.07.38.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-03 at 18.07.01.jpeg

Кездесу соңында университет ректоры Наурызбай Сейтқалиұлы «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің білім беру мен ғылымды дамытуға, сондай-ақ студенттерді әлеуметтік қолдауға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті. Компания өкілдеріне ризашылығын білдіріп, университет ұжымының атынан Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. 
Тараптар алдағы уақытта да өзара тиімді серіктестікті жалғастырып, жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға ниетті екендерін жеткізді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации