МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 04 маусым 2026
  • 21

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Кітап – ұлттық рухтың, рәміз – ұлттық еркіндіктің белгісі» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2026-06-04 at 11.17.33 (1).jpeg    WhatsApp Image 2026-06-04 at 11.17.33 (3).jpeg

Танымдық шараның мақсаты – жастардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. 
Сайыс барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.

WhatsApp Image 2026-06-04 at 11.17.33.jpeg    WhatsApp Image 2026-06-04 at 11.17.32.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-04 at 11.17.33 (2).jpeg

Интеллектуалды дода студенттердің тарихи танымын кеңейтіп, елдік құндылықтарға деген құрметін нығайтуға бағытталды. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынап, белсенділік танытты.
Шара соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации