ҚОС УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІРЛЕСКЕН ЖОБАСЫ ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ҚАДАМ БАСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 04 маусым 2026
  • 95

ҚОС УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІРЛЕСКЕН ЖОБАСЫ ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ҚАДАМ БАСТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов Ресей халықтар достығы университетінің (РУДН) өкілдерімен кездесті. Басқосу екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен білім беру жобаларын дамытуға арналды.

WhatsApp Image 2026-06-04 at 17.21.05 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-04 at 17.21.06.jpeg

Кездесуге филология ғылымдарының кандидаты, доцент Светлана Красильникова және педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Людмила Апакина қатысты. Тараптар бірлесіп әзірлеген «Цифрлық білім беру ортасындағы орыс тілі мен әдебиеті» қосдипломды білім беру бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылап, алдағы жоспарлар жөнінде пікір алмасты.
Қосдипломды бағдардамаға алғашқы қабылдау 2026-2027 оқу жылынан бастау жоспарлануда. 

WhatsApp Image 2026-06-04 at 17.21.04.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-04 at 17.21.06 (1).jpeg

Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Сейтқалиұлы аталған бағдарламаның студенттерге халықаралық деңгейде сапалы білім алуға және екі университеттің дипломын қатар иеленуге мүмкіндік беретінін атап өтті. 
Сонымен қатар, жобаға екі оқу орнының жетекші ғалымдары мен білікті мамандары тартылғаны айтылды. Кездесу қорытындысында тараптар білім беру және ғылыми бағыттағы серіктестікті одан әрі дамытуға өзара мүдделі екендіктерін білдірді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации