УНИВЕРСИТЕТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 04 маусым 2026
  • 54

УНИВЕРСИТЕТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Қазақстанның Арал өңіріндегі малазықтық дақылдарды өндірудің өзекті мәселелері және жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Ғылыми жиын ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Дүйсен Нұрымовты еске алу және университеттің ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Раушан Нұрымованың 60 жылдық мерейтойына орай өткізілді.
Ашылу рәсімінде Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева сөз сөйлеп, Дүйсен Нұрымовтың ғылым мен білім саласына қосқан зор үлесін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-06-04 at 14.52.24 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-04 at 14.52.24.jpeg

Дүйсен Нұрымов 1993–2009 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі болса, 2009–2014 жылдары осы кафедраның профессоры қызметін атқарды. 2018 жылы оған Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры атағы берілді.
Конференция барысында ғалымдардың еңбегі мен ғылыми мұрасы кеңінен талқыланды. Су шаруашылығы және жерге орналастыру білім беру бағдарламасының профессоры Серікбай Қошқаров Дүйсен Нұрымовтың өмір жолы мен ғылыми қызметіне тоқталса, профессор Ибадулла Тәутенов оның ауыл шаруашылығы ғылымын дамытудағы еңбегін ерекше атап өтті. Ал Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының өкілі Қанағат Бегалиев ғалымның ғылыми мұрасының маңызын сөз етті.
Шара соңында үздік студенттер марапатталып, қатысушылар естелік суретке түсті.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации