Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті білім беру бағдарламаларын үйлестіру және оқу үдерісін жоспарлау басқармасы басшысының бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 04 маусым 2026
  • 27

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті білім беру бағдарламаларын үйлестіру және оқу үдерісін жоспарлау басқармасы басшысының бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Басқарма басшысы білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдары, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары, сондай-ақ олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі және олардың жұмыс істеуін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер және жоғары білім беру жүйесін дамыту; сәйкес білім салаларының ғылыми-практикалық мәселелері, ғылыми дамудың негізгі бағыттары; Басқарманың жұмысына және оқу процесіне қатысты заңдарды, ережелерді, бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, стандарттарды және басқа да нормативтік және әдістемелік құжаттарды; білім беру ұйымдарының оқу процесін ұйымдастырудағы озық тәжірибесі; шарттар жасасу және орындау тәртібі; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Білімі жоғары, ғылыми және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17:00 сағат 15.06.2026ж. Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, 302 каб.; e-mail: ksu@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации