«ОРХУН» БАҒДАРЛАМАСЫ: СТУДЕНТТЕР ТҮРКИЯДА БІЛІМ АЛУДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 маусым 2026
  • 61

«ОРХУН» БАҒДАРЛАМАСЫ: СТУДЕНТТЕР ТҮРКИЯДА БІЛІМ АЛУДА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері халықаралық «Орхун» бағдарламасы аясында Түркия Республикасының Кония қаласындағы Сельчук университетінде білім алуда.
Шетелдік жоғары оқу орнында «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенті Ағиса Тұрған, сондай-ақ «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының студенттері Ақжан Байдосова мен Айкен Бақытжанқызы бір семестр бойы білімдерін жетілдіруде.

WhatsApp Image 2026-06-05 at 10.38.11.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-05 at 10.38.12.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-05 at 10.38.12 (1).jpeg
Халықаралық бағдарлама студенттерге халықаралық білім беру ортасында тәжірибе жинақтауға, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және заманауи оқыту әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қатысушылардың шет тілін меңгеру деңгейін арттырып, мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Академиялық ұтқырлық аясында студенттер білім алып қана қоймай, Түркияның мәдениеті мен дәстүрін жақыннан тануға мүмкіндік алуда. Бұл олардың дүниетанымын кеңейтіп, болашақ маман ретінде жан-жақты дамуына жол ашады.

WhatsApp Image 2026-06-05 at 10.38.13.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-05 at 10.38.11 (1).jpeg

Студенттердің айтуынша, шетелдік университетте оқу жаңа ортаға бейімделуге, өз бетінше шешім қабылдауға және халықаралық тәжірибе жинақтауға үлкен септігін тигізуде.
Айта кетейік, «Орхун» бағдарламасы түркі мемлекеттерінің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, студенттердің академиялық және мәдени байланыстарын дамытуға бағытталған халықаралық білім беру жобаларының бірі болып табылады.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации