«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 маусым 2026
  • 29

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл күн табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын тағы бір мәрте еске салады. Оқу орнында «Таза Қазақстан» жобасы аясында тұрақты түрде экологиялық бастамалар жүзеге асырылып келеді. 
Университеттің «Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы» бүгінде заманауи агротехнологияларды тиімді қолданудың және экологиялық жауапкершіліктің жарқын үлгісіне айналды. Мұнда экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдері өсіріліп, инновациялық технологиялар тәжірибеге енгізілуде.
Атап айтқанда, бірінші жылыжайда гидропоника және тамшылатып суару технологиялары арқылы F1 Cedrik сұрыпты қияр өсіріледі. Әр өнімнің орташа салмағы 100-120 граммды құрайды. Ал екінші жылыжайда F1 Bellfort, Mahitos, Belle және Lidenza сұрыпты қызанақтар бапталады. Қызанақтардың орташа салмағы 100-250 грамм аралығында. Сонымен қатар жылыжайда Cavendish сұрыпты банан мен Meyer сұрыпты лимон өсіріліп, олардың өңір климатына бейімделуі мен өнім беру мүмкіндіктері зерттелуде.

WhatsApp Image 2026-06-05 at 11.11.34.jpeg

Бүгінде ботаникалық бақта 1500-ден астам түрлі ағаш түрі өсірілуде. Жылыжай шаруашылығы жыл бойы үздіксіз өнім беріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жасауда. Бұл жұмыстар экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және өңірдің жасыл қорын көбейтуге бағытталған.
Айта кетейік, университетте экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында қызметкерлер мен білім алушылардың қатысуымен барлық оқу ғимараттары мен аумақтарда тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырылады. Алдағы уақытта да экологиялық сананы қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасын таба бермек.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации