ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 маусым 2026
  • 47

ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

5 маусым – Экология күні және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бірқатар оқытушылары қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты сақтау бағытындағы еңбектері үшін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

WhatsApp Image 2026-06-05 at 14.43.47 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-05 at 14.43.48.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-05 at 14.43.47.jpeg

Марапат иелерінің қатарында «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Светлана Кужамбердиева, аға оқытушы, химия ғылымдарының кандидаты Нұрила Тоғызбаева, аға оқытушы Дархан Орынбеков және «Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Салтанат Аппазова бар.

WhatsApp Image 2026-06-05 at 14.44.04.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-05 at 14.43.57 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-05 at 14.43.57.jpeg

Аталған марапаттар оқытушылардың экология саласындағы ғылыми-педагогикалық қызметіне, жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыруға және қоршаған ортаны қорғау ісіне қосқан үлесіне берілген жоғары баға болып табылады.

Университет ұжымы марапат иелерін құттықтап, алдағы қызметтеріне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации