ҒАЛЫМНЫҢ МЕРЕЙЛІ БЕЛЕСІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 маусым 2026
  • 35

ҒАЛЫМНЫҢ МЕРЕЙЛІ БЕЛЕСІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Раушан Нұрымованың 60 жас мерейтойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Басқосуда университеттің Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева ғылым саласының дамуына елеулі үлес қосқан профессорды мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, әріптестері мен жиынға қатысушылар да ғалымға құрмет көрсетіп, жылы лебіздері мен ақжарма тілектерін жеткізді

WhatsApp Image 2026-06-05 at 18.08.56 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-05 at 18.08.56 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-05 at 18.08.56.jpeg

Раушан Дүйсенқызы еңбек жолын жас ұрпаққа білім беру саласынан бастап, 2002 жылдан бері университетте қажырлы еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда оқу орнының «Аграрлық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры ретінде еңбек етуде.
Ғалымның зерттеулері топырақ құнарлылығын арттыру, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін көтеру және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағыттарына арналған. Оның ғылыми еңбектері аграрлық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып отыр.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации