Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті инфрақұрылымдық шешімдер басқармасының жүйелік администратордың 0,5 штаттық бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 маусым 2026
  • 33

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті инфрақұрылымдық шешімдер басқармасының жүйелік администратордың 0,5 штаттық бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі  құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралымәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Жүйелік администраторы білуге тиіс: ақпараттық технологиялар мен жүйелер саласындағы мәселелерді реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері;  аппараттық және бағдарламалық құралдардың қызмет ету және сәулетінің жалпы принциптері; желілік әкімшілендіруді ұйымдастыру, бағдарламалау негіздері; бағдарламалау және ақпаратты өңдеу кезінде есептеу техникасын пайдалану әдістері, желінің серверлік ресурстары; желі пайдаланушыларында пайда болған ақаулықтарды, проблемаларды шешу әдістері;  жабдықтардың техникалық-пайдалану сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері, мақсаты мен режимдері, оны техникалық пайдалану тәртібі;  желілердің аппараттық және бағдарламалық қамсыздандырылуы; аппараттық қамсыздандыруды қарапайым жөндеу принциптері;   бағдарламалаудың қалыпты тілдері;   қолданыстағы стандарттар, есептеулер, шифрлар мен кодтар жүйелері;  бағдарламалау әдістері;    ақпаратты кешенді қорғауды ұйымдастыру жүйелері;   ақпаратқа рұқсатсыз кірудің алдын алу тәсілдері;  техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;   еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.06.2026ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, Адами ресурстарды басқару барқармасы, 205 каб.; электрондық пошта: hr@korkyt.kz.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: 8(7242) 27-86-28.

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации