ЖАС ҒАЛЫМДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТА БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 09 маусым 2026
  • 46

ЖАС ҒАЛЫМДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТА БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Экономика» білім беру бағдарламаларының 2-курс докторанттары Ресей ғылым академиясының Орталық экономикалық-математикалық институтында ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында докторанттар Нұргүл Құлтанова мен Жанна Смагулова әлеуметтік-экономикалық үдерістерді модельдеудің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, жетекші ғалымдардың қатысуымен өткен ғылыми семинарлар мен пікірталас алаңдарында тәжірибе алмасты.

WhatsApp Image 2026-06-09 at 18.08.29.jpeg    WhatsApp Image 2026-06-09 at 18.08.03 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-09 at 18.08.03.jpeg

Ғылыми тағылымдама аясында докторанттар өздерінің зерттеу бағыттарына сәйкес отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерді, диссертациялық жұмыстарды, монографияларды және нормативтік-құқықтық құжаттарды жан-жақты зерделеп, ғылыми талдау жүргізді.
Халықаралық ғылыми ортада жинақталған тәжірибе мен алынған білім докторанттардың зерттеушілік құзыреттерін арттыруға, ғылыми әлеуетін нығайтуға және докторлық диссертацияларын сапалы даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тағылымдама нәтижелері олардың алдағы ғылыми-зерттеу қызметінде кеңінен қолданылатын болады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации