ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 маусым 2026
  • 90

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласында өткен кәсіби нетворкинг-кездесуде университеттің Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев талапкерлерге арналған жаңа білім беру мүмкіндіктерін таныстырды.
Нұрлан Құлмырзаев өз сөзінде SeoulTech университетімен бірлесіп құрылған Жасанды интеллект институтының білім беру бағдарламаларына, заманауи IT мамандарын даярлау бағыттарына және салаға бөлінген мемлекеттік гранттардың мүмкіндіктеріне тоқталды.

WhatsApp Image 2026-06-10 at 13.12.16.jpeg

Сондай-ақ, ол жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы кадрларға сұраныстың артып келе жатқанын атап өтіп, талапкерлерге болашағы зор мамандықтарды таңдаудың маңыздылығын жеткізді.
Айта кетейік, университетте 2023 жылдан бастап SeoulTech-пен бірлескен білім беру бағдарламалары іске қосылып, жасанды интеллект, машиналық оқыту, деректер ғылымы және ІТ бағытындағы оқу мазмұнын халықаралық тәжірибемен сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Ал 2024 жылы Институт жанынан Корей тілі және мәдениеті орталығы, Business Incubation Center және Жобалық кеңсе ашылды. Қазіргі таңда Жасанды интеллект институтында бакалавриат деңгейінде 6 білім беру бағдарламасы бойынша 225 білім алушы білім алады. Оның ішінде 222 білім алушы мемлекеттік грант негізінде оқиды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации