ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ МЕН «ДАМУ» ҚОРЫ СЕРІКТЕСТІККЕ ҚАДАМ БАСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 маусым 2026
  • 125

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ МЕН «ДАМУ» ҚОРЫ СЕРІКТЕСТІККЕ ҚАДАМ БАСТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Құжатқа университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Наурызбай Байқадамов пен қордың өңірлік филиалының директоры Айдос Жылкайдаров қол қойды.

WhatsApp Image 2026-06-10 at 16.57.36.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-10 at 16.57.36 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-10 at 16.57.37.jpeg

Меморандумның мақсаты – білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет салаларындағы әріптестікті дамыту, сондай-ақ ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту.
Келісім аясында тараптар бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, кәсіпкерлік бағытындағы білім мен дағдыларды жетілдіру, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және өндіріс пен білім беру арасындағы байланысты күшейту бағытында бірлесіп жұмыс жүргізеді.

WhatsApp Image 2026-06-10 at 16.57.37 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-10 at 16.57.36 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-10 at 17.30.39.jpeg

Салтанатты рәсімге Экономика және құқық институтының «Қаржы, есеп және аудит» білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Бұл бастама жастардың кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға, білікті мамандар даярлауға және өңір экономикасының тұрақты дамуына серпін бермек. Сонымен қатар, білім мен бизнестің өзара ықпалдастығын арттырып, студенттердің тәжірибелік мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации