БИЫЛҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕГІ ҚЫТАЙ ЕЛІНІҢ МАГИСТРАТУРА ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 маусым 2026
  • 50

БИЫЛҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕГІ ҚЫТАЙ ЕЛІНІҢ МАГИСТРАТУРА ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Оқу орнының «Есеп және аудит» мамандығының 4-курс студенті Амина Лаубаева халықаралық білім беру жолындағы тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді. Ол Қытай Халық Республикасының беделді жоғары оқу орындарының бірінде магистратура бағдарламасы бойынша толық грант иегері атанды.
Талапты жас бұған дейін де білім мен тәжірибесін шыңдауға ерекше көңіл бөлген. Өткен жылы ол Бельгияда академиялық тағылымдамадан өтіп, шетелдік білім беру жүйесінің озық тәжірибелерімен танысты. Бұл мүмкіндік оның кәсіби көкжиегін кеңейтіп, халықаралық деңгейдегі біліктілігін арттыруға ықпал етті.

WhatsApp Image 2026-06-10 at 18.20.07 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-10 at 18.20.07.jpeg

Түлектің айтуынша, жетістікке жету жолында университеттің берген білімі мен ұсынған мүмкіндіктерінің үлесі зор.
«Университетте алған сапалы білімім мен халықаралық бағдарламаларға қатысу мүмкіндігі менің кәсіби дамуыма үлкен серпін берді. Оқу ордасы бізге тек теориялық білім беріп қана қоймай, шетелдік тәжірибе алмасу бағдарламаларына қатысуға, ғылыми жобалармен айналысуға және өз әлеуетімізді толық ашуға жағдай жасады. Осындай қолдаудың арқасында Қытайдың магистратура грантын жеңіп алдым», – дейді түлек.
Бүгінде университет студенттердің академиялық және кәсіби дамуына ерекше мән беріп, халықаралық серіктестік байланыстарды тұрақты түрде кеңейтіп келеді. Нәтижесінде білім алушылар әлемнің жетекші университеттерінде тәжірибе жинақтап, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуда.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации