ҚЫРҒЫЗСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕРГЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 12 маусым 2026
  • 100

ҚЫРҒЫЗСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕРГЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Университеттің кәсіби бағдар беру тобы Қырғыз  Республикасының Ыстықкөл облысына қарасты Түп және Талдысу аудандарында болып, мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарымен кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты – талапкерлерге жоғары білім алу мүмкіндіктері мен мамандық таңдау бағытында кеңес беру.

WhatsApp Image 2026-06-11 at 20.55.53 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-11 at 20.55.54.jpeg

Кездесу барысында қатысушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары, білім гранттары, академиялық ұтқырлық бағдарламалары және студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

WhatsApp Image 2026-06-11 at 20.55.54 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-11 at 20.55.53.jpeg

Оқушылар мен ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдау, құжат тапсыру және оқу үдерісіне қатысты толыққанды жауап алды. Еркін форматта өткен кездесу жастардың жоғары білімге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Мұндай кәсіби бағдар беру жұмыстары талапкерлермен байланысты нығайтып қана қоймай, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға да ықпал етеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации