NIS ОҚУШЫЛАРЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 12 маусым 2026
  • 184

NIS ОҚУШЫЛАРЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Көкшетау, Павлодар және Өскемен қалаларынан келген оқушылары танымдық экскурсия жасады. Іс-шара «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы аясында ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2026-06-12 at 11.53.22 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-12 at 11.53.21.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-12 at 11.53.23.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-12 at 11.53.22 (1).jpeg

Экскурсияның мақсаты – оқушылардың STEM бағыттарына, жасанды интеллект технологияларына және цифрлық мамандықтарға қызығушылығын арттыру.
Кездесу барысында университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Дана Абдрашева білім беру бағдарламалары мен академиялық мүмкіндіктер туралы ақпарат берді. Ал Жасанды интеллект институтының директорыНұрлан Құлмырзаев оқушыларға институтта жүзеге асырылып жатқан жобаларды таныстырды. Өңірдегі стартап экожүйесінің дамуы туралы Kyzylorda Hub директоры Жанарыс Түбекбаев кеңінен баяндады.

WhatsApp Image 2026-06-12 at 11.53.23 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-12 at 11.53.23 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-12 at 11.53.23 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-12 at 11.53.24.jpeg

Іс-шара аясында институт студенттері өздерінің ғылыми және инновациялық жобаларын таныстырып, оқушылармен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, қатысушылар білім беру бағдарламалары, халықаралық серіктестік жобалар және қос дипломдық білім алу мүмкіндіктері туралы мәлімет алды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации