ОБЛЫС ӘКІМІ ІРІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 13 маусым 2026
  • 17

ОБЛЫС ӘКІМІ ІРІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жанындағы Инжинирингтік парк құрылысының барысымен танысып, жобаның іске асу деңгейін көрді.

Жоба өңірдегі ғылыми-зерттеу және инновациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Инжинирингтік парк құрамында археология және физика-химиялық талдау әдістері зертханалары, жасанды интеллект және академиялық басымдық орталықтары, робототехника, жерді қашықтан зондтау және ІТ зертханалары орналастырылады.

WhatsApp Image 2026-06-13 at 22.26.54 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-13 at 22.26.54.jpeg

Сондай-ақ, нысанда 90 орындық дәрісхана, 140 орындық конференц-зал және заманауи компьютерлік аудиториялар қарастырылған. Бұл білім алушылар мен жас ғалымдардың ғылыми жобаларды жүзеге асыруына және озық технологияларды игеруіне мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Инжинирингтік паркті биыл қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда. Жаңа нысан өңірдің ғылыми әлеуетін арттырып, ғылым, білім және өндіріс байланысын нығайтуға қызмет етеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации