ОҚЫТУШЫЛАР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІКТЕРІН МЕҢГЕРДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 15 маусым 2026
  • 47

ОҚЫТУШЫЛАР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІКТЕРІН МЕҢГЕРДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы ұйымдастырған «Білім беру саласындағы жасанды интеллект құралдары» атты біліктілікті арттыру курсы өтті.

Жазғы мектеп аясында аралас форматта өткен курстың мақсаты – профессор-оқытушылар құрамының цифрлық құзыреттілігін арттырып, жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісінде тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.

WhatsApp Image 2026-06-15 at 15.42.58 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-15 at 15.42.58 (1).jpeg

Курсты BIC орталығының маманы Жанарыс Түбекбаев жүргізді. Қатысушылар жасанды интеллект негіздері, prompt-инженерия, оқу материалдарын әзірлеу, мультимедиялық контент жасау, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау және AI қолданудың этикалық қағидаттары бойынша білім алды.

WhatsApp Image 2026-06-15 at 15.42.57.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-15 at 15.42.58.jpeg

Оқу барысында ChatGPT, Gemini, Claude және Copilot платформаларының мүмкіндіктері таныстырылып, оларды білім беру тәжірибесінде пайдалану жолдары қарастырылды. Курстың қорытындысында тыңдаушылар авторлық жобаларын қорғап, арнайы сертификаттарға ие болды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации