МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН МЕҢГЕРДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 15 маусым 2026
  • 45

МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН МЕҢГЕРДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдеріне арналған «Жасанды интеллект және STEM – білім берудегі интеграцияланған модель» атты біліктілікті арттыру курсы өтті.
Курс барысында педагогтер STEM-білім беру мен жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісіне енгізудің заманауи тәсілдерін меңгеріп, интерактивті тапсырмалар әзірлеу, цифрлық оқу материалдарын дайындау және жасанды интеллект платформаларын пайдалану бойынша тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.

WhatsApp Image 2026-06-15 at 16.24.39 (2).jpeg    WhatsApp Image 2026-06-15 at 16.24.39.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-15 at 16.24.39 (1).jpeg

Курсқа қала және аудан мектептерінің мұғалімдері қатысты. Атап айтқанда, Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі, И.В. Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейі, М. Шоқай атындағы №187 IT мектеп-лицейі, №176 орта мектебі КММ, Orda School мектебі, №295 орта мектебі КММ, сондай-ақ «Зейін» және «Дарын» оқу орталықтарының педагогтері мен университет магистранттары білімдерін жетілдірді.
Оқытуға қала және аудан мектептерінің мұғалімдері, білім беру орталықтарының педагогтері мен университет магистранттары қатысты. Бағдарлама аясында семинар-практикум ұйымдастырылып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации