КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 маусым 2026
  • 40

КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде кәсіподақ комитетінің 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмысы туралы конференция өтті.
Жиынға облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Гүлнара Есқалиева, университет басшысы Наруызбай Байқадамов, кәсіподақ комитетінің мүшелері қатысты.
Конференция барысында кәсіподақ комитетінің төрағасы Айтжан Оразбақов есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бағытында жүзеге асқан жұмыстарға тоқталды.

WhatsApp Image 2026-06-18 at 16.15.56.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-18 at 16.15.57 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-18 at 16.15.57 (2).jpeg

Жиында Айтжан Жұмабайұлының өз өтініші негізінде кәсіподақ комитеті төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланды. Ол кәсіподақ ұйымын 8 жарым жыл бойы басқарып, осы уақыт ішінде ұжым мүшелерінің құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғауға, ұйым жұмысының тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосты.
Университет басшылығы мен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті Айтжан Оразбақовқа ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін алғыс білдіріп, сый-құрмет көрсетті.

WhatsApp Image 2026-06-18 at 16.15.58 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-18 at 16.15.58.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-18 at 16.15.57.jpeg

Конференция шешімімен кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы сайланып, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер айқындалды.
Жиын соңында кәсіподақ комитетінің 2026 жылдың І жартыжылдығындағы жұмысына оң баға беріліп, ұйым қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар айтылды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации