ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАПХАНА ҚОРЫ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 маусым 2026
  • 47

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАПХАНА ҚОРЫ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың қайта басылып шыққан «Елең-алаң» романы университет кітапханасының қорына салтанатты түрде сыйға табысталды.
Іс-шараға Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева қатысып, университет қорына табысталған кітаптарды қабылдап алды. 

WhatsApp Image 2026-06-19 at 11.58.35 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-19 at 11.58.35.jpeg

Аталған мәдени шара мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылды. Кітаптың қайта жарық көруіне «Банк ЦентрКредит» АҚ демеушілік көрсетті.
««Елең-алаң» романы 1984 жылдан бері қайта басылып шықпаған. Биыл Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен 8 мың дана болып жарық көрген шығарма еліміздің жоғары оқу орындарына таратылуда. Бүгін университет кітапханасына романның 70 данасын табыстадық»,-деді «Банк ЦентрКредит» АҚ жергілікті филиалының директоры Мұрат Нұғыманов.

WhatsApp Image 2026-06-19 at 11.58.35 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-19 at 11.58.36.jpeg

Тағылымды шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен докторанттар қатысты. Аталған бастама жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдеби мұраны кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации