ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 22 маусым 2026
  • 17

ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне Қытайдың Inner Mongolia Chundian Holdings компаниясының және оның стратегиялық серіктесі CATL (Contemporary Amperex Technology Co., Limited) компаниясының өкілдері жұмыс сапарымен келді.
Қонақтарды университеттің Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер бойынша проректоры Дана Абдрашева қарсы алды.

WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.10.26.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.10.26 (4).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.10.26 (3).jpeg

Кездесуге Inner Mongolia Chundian Holdings компаниясынан тау-кен жобасының жетекшісі Хао Мин, тау-кен жұмыстары жөніндегі жетекші Сиригулэн, минералдық ресурстарды анықтау инженері Хуан Лун, сондай-ақ CATL компаниясынан минералдық ресурстарды стратегиялық сатып алу бөлімінің жетекшісі Сун Минчуань мен тауарлық операциялар бөлімінің жетекшісі Чжэн Цзыян қатысты.
Кездесу барысында тараптар Арал өңірінде бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, су құрамындағы натрий, калий және литий элементтерін анықтау бағытында зерттеулер жүргізу және олардың қорын бағалау мәселелеріне назар аударылды.

WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.10.26 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-22 at 18.10.26 (2).jpeg

Шетелдік компания өкілдері зерттеу жұмыстарының нәтижелері оң болған жағдайда, аталған жобаларды қаржыландыруға және инвестиция салуға дайын екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, тараптар ғылым мен өндірісті ұштастыра отырып, ұзақ мерзімді серіктестікті дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.
Кездесу өңірдің табиғи ресурстарын зерттеу және тиімді пайдалану бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жол ашатын маңызды қадам болды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации