ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ THE SUSTAINABILITY IMPACT RANKINGS 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГІНДЕГІ ӨЗ ОРНЫН НЫҒАЙТТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 маусым 2026
  • 47

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ THE SUSTAINABILITY IMPACT RANKINGS 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГІНДЕГІ ӨЗ ОРНЫН НЫҒАЙТТЫ

Бүгінде жоғары оқу орындары білім беру, ғылыми зерттеулер, инновациялар және қоғаммен өзара іс-қимыл арқылы оң өзгерістердің қозғаушы күші ретінде тұрақты дамудың маңызды қатысушылары болып табылады. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қосқан үлесі Times Higher Education Sustainability Impact Rankings 2026 халықаралық рейтингінің 2026 жылғы 24 маусымда ресми жарияланған нәтижелерімен тағы бір мәрте дәлелденді.

Рейтинг қорытындысы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жалпы көрсеткіш бойынша 2025 жылғы 1501+ орыннан 2026 жылы 1001–1500 орынға  көтерілді. Бұл нәтиже университеттің тұрақты даму саласындағы жұмыстарының халықаралық деңгейде мойындалып келе жатқанын көрсетеді.

ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ЖЕТІСТІКТЕР

2026 жылғы рейтингте университет көптеген ТДМ көрсеткіштері бойынша оң нәтижелерге қол жеткізді:

- ТДМ 1 «Кедейлікті жою» – 1001+ позициядан  601–800 позицияға  көтерілді;

- ТДМ 2 «Аштықты жою»601–800 позициядан 401–600 позицияға  көтерілді;

- ТДМ 3 «Салауатты өмір және әл-ауқат»1501+ позициядан 1001+ позицияғ көтерілді;

- ТДМ 4 «Сапалы білім»1001–1500 позициядан 801–1000 позицияға а көтерілді;

- ТДМ 5 «Гендерлік теңдік»601–800 позициядан 401–600 позицияға дейін айтарлықтай жақсарды;

- ТДМ 6 «Таза су және санитария»801–1000 позициядан 601+ позицияға көтерілді;

- ТДМ 7 «Қолжетімді және таза энергия»801–1000 позициядан 601–800 позицияға көтерілді;

- ТДМ 8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу»801–1000 позициядан 601–800 позицияға көтерілді;

- ТДМ 9 «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым»801–1000 позициядан 601–800 позицияға көтерілді;

- ТДМ 10 «Теңсіздікті азайту»801–1000 позициядан 601–800 позицияға көтерілді;

- ТДМ 11 «Тұрақты қалалар мен елді мекендер»801–1000 позициядан  601–800 позицияға көтерілді;

- ТДМ 12 «Жауапты тұтыну және өндіріс»801+ позициядан  601+ позицияға көтерілді;

- ТДМ 13 «Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл»801–1000 позициядан  601–800 позицияға көтерілді;

- ТДМ 14 «Су астындағы тіршілік» – университеттің ең жоғары нәтижелерінің бірі: 401–600 позициядан 301–400 позицияға көтерілді;

- ТДМ 15 «Құрлықтағы тіршілік»401–600  жоғары көрсеткішін сақтап қалды;

- ТДМ 16 «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар»601–800 көрсеткішін сақтады;

- ТДМ 17 «Тұрақты даму мақсаттары үшін әріптестік»1501+ позициядан 1001–1500 позицияға көтерілді.


Снимок экрана 2026-06-24 144937.png    44a610d5-a1bc-4949-96b4-acb21c093f1f.jfif.jpeg



WhatsApp Image 2026-06-24 at 12.14.22.jpeg

Университеттің тұрақты дамуға қосқан үлесі

Қол жеткізілген нәтижелер университеттің тұрақты даму қағидаттарын білім беру, ғылыми-зерттеу және қоғамдық қызметке жүйелі түрде енгізуінің нәтижесі болып табылады. Университет су ресурстарын тиімді пайдалану, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, биоалуантүрлілікті сақтау, жасыл технологияларды дамыту, гендерлік теңдікті ілгерілету және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағыттарына ерекше көңіл бөледі.. THE Sustainability Impact Rankings 2026 рейтингіндегі нәтижелердің жақсаруы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған стратегиясының тиімділігін көрсетеді. Университет сапалы білім беру, ғылыми зерттеулер жүргізу және мемлекеттік, қоғамдық әрі халықаралық ұйымдармен әріптестікті дамыту арқылы жаһандық және өңірлік мәселелерді шешуге қосатын үлесін одан әрі арттыруды көздейді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Қазақстандағы тұрақты даму мен инновациялардың жетекші орталықтарының бірі ретіндегі өз рөлін нығайтуды жалғастыра береді.

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации