ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛАДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 маусым 2026
  • 83

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛАДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті өңірлік ықпалын кеңейту мақсатында Шымкент қаласында өз өкілдігін ашу жұмыстарын бастады. Бұл бастама университеттің білім беру қызметтерінің қолжетімділігін арттырып, талапкерлермен және серіктес ұйымдармен байланысты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Осыған орай университеттің Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Самал Ілиясова Шымкент қаласындағы кеңсе ғимаратына барып, өкілдіктің құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерін пысықтады.

WhatsApp Image 2026-06-24 at 18.10.24.jpeg       WhatsApp Image 2026-06-24 at 18.10.25.jpeg

Алдағы уақытта өкілдік талапкерлерге кәсіби бағдар беру және оқуға түсу бойынша кеңес көрсетіп, қабылдау науқанының ақпараттық сүйемелдеуін жүзеге асырады. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту, бизнес қауымдастықпен бірлескен іс-шаралар өткізу, қысқа мерзімді курстар, микробіліктілік және біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру бағытында жұмыс жүргізеді.

Бұдан бөлек, өкілдік университет пен өңірдегі серіктес мекемелер арасындағы өзара байланысты нығайтып, білім, ғылым және өндіріс интеграциясын дамытуға үлес қосады.

Шымкент қаласында өкілдіктің ашылуы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің өңіраралық байланысын нығайтып, жаңа жобаларды іске асыруға жол ашады. Сондай-ақ, бұл бастама оңтүстік өңір тұрғындары үшін университеттің білім беру мүмкіндіктерін қолжетімді ете түседі.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации