«ЖАС ҒАЛЫМ» ГРАНТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 25 маусым 2026
  • 39

«ЖАС ҒАЛЫМ» ГРАНТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің "Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика" білім беру бағдарламасының жетекшісі, философия докторы (PhD) Жүзеев Серікхан Әлханұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Жас ғалым» жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы атанды. Ғылыми кеңесшісі: философия докторы (PhD) Әбікенов Жарқынбек Оралбекұлы. 

Ғалымның «Қызылорда облысы жастарының мәдени динамикасы: құндылық бағдарларын кешенді талдау» атты ғылыми жобасы қолдау тауып, оны іске асыруға 29 500 847 теңге көлемінде гранттық қаржы бөлінді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жас ғалымымызды кезекті ғылыми жетістігімен құттықтап, алдағы зерттеу жұмыстарына толағай табыс тілейді!

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации