ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ЖУРНАЛИСТІК МАРАФОН» ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 25 маусым 2026
  • 12

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ЖУРНАЛИСТІК МАРАФОН» ӨТТІ

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өңірлік және республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Журналистік марафон» ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – медиа саласындағы заманауи үрдістерді талқылау, журналистикадағы жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерін саралау, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы кәсіби байланысты нығайту.

WhatsApp Image 2026-06-25 at 17.38.58 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-25 at 17.38.58.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-25 at 17.38.57 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-25 at 17.38.58 (3).jpeg

Журналистік марафон аясында «Медиа саласының болашағы: жасанды интеллект, білім және кәсіби сұраныс» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинардың ашылуында университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Уәлихан Ибраев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, журналистиканың қоғамдағы маңызды рөлін айтты.
Семинар барысында «Kyzylorda Hub» директоры Жанарыс Түбекбаев жасанды интеллект технологияларының медиадағы қолданылуы, цифрлық контент өндірісіндегі жаңа мүмкіндіктер туралы баяндама жасады. 

WhatsApp Image 2026-06-25 at 17.38.57.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-25 at 17.38.59.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-25 at 17.38.59 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-25 at 17.38.59 (2).jpeg

Кездесу еркін пікір алмасу форматында жалғасып, Басқарма төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Дана Абдрашева университеттің стратегиялық даму бағыттары, білім беру сапасын арттыру, ғылым мен өндірісті ұштастыру, халықаралық серіктестік және медиа саласымен өзара ықпалдастықты дамыту бағыттарына тоқталды. Өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері қазіргі журналистиканың даму бағыты, редакцияларға қажетті мамандар, медиа нарығындағы жаңа кәсіптер мен болашақ журналистің кәсіби дағдылары жөнінде өз ұсыныстары мен тәжірибелерін ортаға салды. Сонымен қатар, журналистер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации