ЖУРНАЛИСТИКА МАМАНДЫҒЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 25 маусым 2026
  • 15

ЖУРНАЛИСТИКА МАМАНДЫҒЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде журналистика мамандығының оқытушыларының қатысуымен мерекелік кездесу өтті. Жиынға Басқарма төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Дана Абдрашева және Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Уәлихан Ибраев қатысты.
Іс-шара барысында журналистика саласын дамытуға, білікті мамандар даярлауға қосқан үлесі үшін Асыл Қожабайқызы облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары «Байкен-U» компаниясы атынан Аякөз Қожамырзақызына, Зухра Нұрғалиқызына, Ақерке Болатқызына және Серікхан Әлханұлына арнайы мерекелік құттықтау табысталды. Бұдан бөлек, Басқарма төрағасы-Ректор Наурызбай Байқадамовтың «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының ұжымына арнайы мерекелік құттықтауы жеткізілді.

WhatsApp Image 2026-06-25 at 18.09.38.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-25 at 18.09.39.jpeg

Жиында сөз сөйлеген Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Уәлихан Ибраев университеттің журналистика кадрларын даярлаудағы тарихи орны мен бүгінгі жетістіктеріне тоқталды.
– Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті отыз жылдан астам уақыт бойы өңірдегі журналистика саласына кәсіби мамандар даярлап келе жатқан жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Осы уақыт ішінде мыңдаған білікті журналист түлеп ұшты. Бүгінде олардың басым бөлігі өңірлік, республикалық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында жемісті еңбек етуде. Қазіргі таңда өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет атқарып жүрген медиа мамандарының 80 пайыздан астамы – университетіміздің түлектері. Бұл – сіздердің кәсіби еңбектеріңіздің нәтижесі. Журналистика саласына сапалы кадр даярлаудағы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін, – деді Уәлихан Ибраев.

WhatsApp Image 2026-06-25 at 18.09.39 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-25 at 18.09.40.jpeg

Мерекелік кездесу барысында журналистика мамандығының қалыптасу тарихы, білім беру бағдарламасының жетістіктері мен медиа саласына қосқан үлесі кеңінен айтылды. Сондай-ақ, алдағы уақытта журналистика мамандығын дамыту бағытындағы жаңа бастамалар сөз болды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации