УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 29 маусым 2026
  • 17

УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының жетекшісі Еркемай Саниязова мен аға оқытушы Ляззат Каржаубаева Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында өткен II Конституциялық оқулар халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Халықаралық ғылыми жиын барысында университет ғалымдарының баяндамалары қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, кәсіби пікір алмасуға негіз болды.

WhatsApp Image 2026-06-29 at 11.56.03.jpeg    WhatsApp Image 2026-06-29 at 11.56.04 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-29 at 11.56.03 (1).jpeg

"Мұндай халықаралық ғылыми алаңдар тәжірибе алмасуға, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және құқықтық білім мен ғылымның өркендеуіне ықпал етеді. Біз үшін  ғылыми әлеуетімізді одан әрі дамытып, оқу орнының академиялық байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік берді",-деді Еркемай Саниязова.

WhatsApp Image 2026-06-29 at 11.56.04 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-06-29 at 11.56.04.jpeg

Қырғызстанның Заңгерлер күніне орай ұйымдастырылған ғылыми форумға Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Түркия және Өзбекстанның жетекші судьялары, заңгер-ғалымдары, мемлекеттік қызметкерлері, сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналды. Үш күнге созылған конференцияда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктері, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық жүйені жетілдіру және құқықтық реформалардың өзекті мәселелері талқыланды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации