ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 03 шілде 2026
  • 19

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Жаратылыстану институты түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті.
Биыл институт бойынша 630 түлек бакалавриат, 79 түлек магистратура бағдарламасын тәмамдады. Оның ішінде 47 түлек үздік диплом иегері атанса, 7 студент Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына ие болды.

WhatsApp Image 2026-07-02 at 22.35.13.jpeg

WhatsApp Image 2026-07-02 at 22.35.14.jpeg

WhatsApp Image 2026-07-02 at 22.35.16 (1).jpeg

Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректор Наурызбай Байқадамов, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі Бақберген  Досманбетов, «Сыр елі облыстық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Райкүл Байназарова, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, жеті дүркін Қазақстан чемпионы Бахтияр Артаев, Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Сәбит Ибадулла, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қатысушысы, ауыр атлетикадан Қызылорда облысының аға бапкері Алмас Өтешов, Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректор Баянәлі Досжанов, Жаратылыстану институтының директоры Гүлжас Тоқтағанова, «Физика және математика» білім беру бағдарламасының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Бахытхан Әбдікәрімов және техника ғылымдарының кандидаты, профессор Бақыт Қалиев қатысып, түлектерге ақжарма тілектерін арнады.

WhatsApp Image 2026-07-02 at 22.35.15 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-07-02 at 22.35.14 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-07-02 at 22.35.14 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-07-02 at 22.35.15.jpeg

Өңір басшысы Мұрат Ергешбаев құттықтау сөзінде білімді әрі бәсекеге қабілетті жас мамандар даярлаудың маңызын атап өтті.
«Еліміздің ертеңі мен тірегі – сіздер секілді жалынды жастар. Әділетті Қазақстанды құру жолында үлкен жауапкершілік сіздердің иықтарыңызға жүктеледі. Елдің жаңа белестерін бағындыратын жасампаз күш те – өздеріңіз», – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, ол аймақ халқының атынан профессор-оқытушылар құрамына алғыс айтып, университет ұжымына табыс тіледі.

WhatsApp Image 2026-07-02 at 22.35.17.jpeg

WhatsApp Image 2026-07-02 at 22.35.15 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-07-02 at 22.35.13 (1).jpeg

Өз кезегінде университеттің Басқарма төрағасы – ректор Наурызбай Байқадамов түлектерді өмірлеріндегі маңызды белеспен құттықтап, алған білімдерін ел игілігі жолында тиімді пайдаланып, кәсіби биіктерді бағындыруларына тілектестік білдірді.
Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасып, түлектер мен қонақтар естелік фотосуретке түсті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации