ЮНЕСКО САРАПШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 07 шілде 2026
  • 53

ЮНЕСКО САРАПШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктер желісіне «Арал геопаркін» енгізу бойынша бағалау жүргізуге келген халықаралық сарапшылар Жозе Родригеш Брилья мен Сома Саедиюнесимен кездесу өтті.
Қонақтарды университеттің Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Дана Абдрашева қарсы алып, «Мәделхан Нәлібаев атындағы Су шаруашылығы» музейімен таныстырды.

WhatsApp Image 2026-07-07 at 17.41.44 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-07-07 at 17.41.45.jpeg

WhatsApp Image 2026-07-07 at 17.41.44 (2).jpeg

Кездесуге оқу орнының ғалымдары қатысып, университеттің Арал геопаркін дамытудағы ғылыми-зерттеу және білім беру бағытындағы қызметі таныстырылды. Сондай-ақ, оқу орнының Арал өңірінің экожүйесін зерттеу, халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыру, экологиялық білім беруді дамыту және білікті мамандар даярлау бағытындағы жұмыстары туралы баяндалды.
Айта кетейік, бүгінде ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктер желісі әлемнің 51 еліндегі 241 геопаркті біріктіреді. Қазіргі таңда желіге қосылу үшін әлем бойынша 14 өтінім қаралуда. Осыған байланысты 2026 жылғы 6–13 шілде аралығында халықаралық сарапшылар «Арал геопарғы» аумағында негізгі бағалау өткізуде. Оның қорытындысы бойынша геопаркті ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктер желісіне енгізуге қатысты кәсіби қорытынды ұсынылады.

WhatsApp Image 2026-07-07 at 17.41.44.jpeg

WhatsApp Image 2026-07-07 at 17.41.43.jpeg

WhatsApp Image 2026-07-07 at 17.41.45 (1).jpeg

Оңтайлы шешім қабылданған жағдайда, «Арал геопаркі» Қазақстандағы халықаралық деңгейде мойындалған алғашқы ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопаркі мәртебесіне ие болады. Бұл өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, ғылыми зерттеулерді кеңейтуге және жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашатын болады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации