ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 15 шілде 2026
  • 50

ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Наурызбай Байқадамов диплом табыстау салтанатын жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосқан қызметкерлерді марапаттады.

WhatsApp Image 2026-07-15 at 11.14.15.jpeg

Жиын барысында университет басшысы жауапты науқан кезінде кәсіби шеберлік, жауапкершілік пен ұйымшылдық танытқан қызметкерлерге ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыстады.

Айта кетейік, 2025–2026 оқу жылының түлектеріне диплом табыстау жиыны 1–4 шілде аралығында «Сыр болашағы» құзыреттілік орталығында өтті.

Салтанатты рәсімге облыс әкімі бастаған аймақтың зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен серіктес ұйымдардың басшылары қатысып, жас түлектерге сәттілік тіледі. 

Биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін 2605 түлек тәмамдап, жаңа өмір жолына қадам басты.

WhatsApp Image 2026-07-15 at 11.14.14 (1).jpeg

 

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации