«Мен таңдаған мамандық» байқауының жеңімпазы анықталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 қыркүйек 2022
  • 2126

«Мен таңдаған мамандық» байқауының жеңімпазы анықталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мен таңдаған мамандық» байқауы қорытындыланды. Білім алушыларға «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында өткен сайыс 4 кезең бойынша өтті. Іс-шараға өндіріс өкілдері, жұмыс берушілер және мектеп оқушылары қатысты.
Байқауға «Qazaq vibe», «Эскимо» және «Balqaimaq» тобы қатысып, әділ қазылар алқасының шешімі бойынша «Balqaimaq» тобы жеңімпаз атанды.
 «Қазір ғылым мен технологияның дамуы – қоғамда жаңа мамандық иелеріне сұраныс туғызуда. Сондықтан елімізге қажетті маман даярлау ісіне басымдық берудеміз. Жастардың мықты маман, жан-жақты тұлға болып қалыптасуы біздің ерекше назарымызда»,-деді Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова.
Қазіргі таңда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша 146 студент білім алуда. Студенттер 4-курстан бастап еңбек нарығына қосылып, өз саласы бойынша жұмыс істеуде. Жалпы жастардың жұмысқа орналасу деңгейі 85 пайызды құрап отыр.

P2011115.JPG

P2011033.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...