ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ ҚЫТАЙДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 16 шілде 2026
  • 55

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ ҚЫТАЙДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУДА

  Қытай Халық Республикасының Циндао қаласында 13–27 шілде аралығында «Seminar on Leadership Development for Employees of State-Owned Enterprises from SCO Countries» атты халықаралық семинар өтуде.

Кыт2.jpeg
Білім беру бағдарламасы Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің мемлекеттік ұйымдары мен кәсіпорындары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін дамытуға, халықаралық тәжірибе алмасуды кеңейтуге және мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Кыт1.jpeg
Семинар жұмысына Қазақстан, Тәжікстан, Непал және Әзербайжан мемлекеттерінің өкілдері қатысуда. Бағдарлама аясында қатысушылар Қытайдың мемлекеттік басқару жүйесімен, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерімен, мемлекеттік кәсіпорындарды басқарудың заманауи тәжірибелерімен және инновациялық экожүйені қалыптастыру бағытындағы озық үлгілерімен танысуда.
Оқу бағдарламасының алғашқы күндері «Introduction to China’s National Conditions» және «Experience and Path of Technology Transfer, Industry–University–Research Integration of Chinese State-owned Enterprises» тақырыптарындағы дәрістер ұйымдастырылды. Семинар барысында Қытайдың ұлттық даму моделі, технологиялар трансферінің тиімді тетіктері, сондай-ақ мемлекет, жоғары оқу орындары мен өндіріс арасындағы ықпалдастықты дамыту тәжірибесі жан-жақты қарастырылды.

Кыт3.jpeg

Кыт4.jpeg

Халықаралық семинар қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттырумен қатар, түрлі елдердің мамандары арасында тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации