ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ ӘЗЕРБАЙЖАНДЫҚ ӘРІПТЕСТЕРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТЕДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 шілде 2026
  • 78

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ ӘЗЕРБАЙЖАНДЫҚ ӘРІПТЕСТЕРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТЕДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Әзербайжан техникалық университетінің делегациясымен кездесу өтті. Басқосуға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов және Әзербайжан техникалық университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, доктор Фариз Маммадов, радиоэлектроника және телекоммуникациялар кафедрасының меңгерушісі, профессор, доктор Мехман Хасанов, сондай-ақ экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесші Наиб Гаджиев қатысты.
Кездесу барысында ректор университеттің тарихы, білім беру және ғылыми әлеуеті, халықаралық ынтымақтастық бағыттары мен стратегиялық даму басымдықтары туралы кеңінен таныстырды. Өз кезегінде әзербайжандық делегация өкілдері өз оқу орнының құрылымы, ғылыми-зерттеу қызметі және халықаралық тәжірибесі жөнінде ақпарат беріп, екі университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

WhatsApp Image 2026-07-24 at 16.06.18.jpeg

WhatsApp Image 2026-07-24 at 16.05.15 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-07-24 at 16.05.15 (1).jpeg

Тараптар академиялық ұтқырлықты дамыту, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының алмасуын кеңейту, сондай-ақ Erasmus+, Horizon Europe және Орхон бағдарламалары аясындағы халықаралық білім беру және ғылыми жобаларға бірлесіп қатысу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, жаһандық рейтингтер бойынша тәжірибе алмасу және жоғары оқу орындарының халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттарына назар аударылды.
Басқосуда халықаралық ғылыми журналдарда бірлескен жарияланымдар әзірлеу, докторантура бағдарламаларын дамыту, студенттердің қатысуымен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және университеттердің ғылыми көрсеткіштерін күшейту мәселелері сөз болды. 

WhatsApp Image 2026-07-24 at 16.05.14.jpeg

WhatsApp Image 2026-07-24 at 16.05.14 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-07-24 at 16.05.15.jpeg

Кездесу аясында ғылыми жаңалықтар мен әзірлемелерді патенттеу тәжірибесі бойынша ынтымақтастық орнату, жасанды интеллект, оптикалық байланыс жүйелері және дрондар желісі бағыттарында бірлескен инновациялық жобаларды жүзеге асыру, онлайн дәрістер, вебинарлар мен ғылыми семинарларды тұрақты ұйымдастыру жөнінде талқыланды.
Әзербайжан техникалық университетінің делегациясы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің инженерлік бейіндегі жаңа физика-химиялық зертханасының жұмысымен танысып, іске асырылып жатқан ғылыми жобаларға жоғары баға берді.
Бұдан бөлек, шетелдік ғалымдар сапар барысында Қызылорда қаласының жаңа сәулеттік келбетін айқындайтын бірқатар заманауи нысандармен, Қорқыт ата мемориалдық кешенімен таныспақ.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации